ЖАЗҒЫ МЕКТЕП: ӘР ТҮРЛІ ФОРМАТТА ҚЫЗЫҚТЫ САБАҚТАР ӨТКІЗІЛУДЕ

🖋Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында "Жазғы мектеп" бойынша барлығы 115 оқушы қамтылған.Балалар математика, физика,химия  сияқты пәндерден білімін жетілдіруде. Сабақтар әртүрлі форматта қызықты өткізіліп жатыр.Білімпаздардың  бос уақыттарын тиімді өткізу  мақсатында психологиялық тренингтер, спорттық ойындар, әдеби оқулар өткізіліп тұрады.Бағдарлама бойынша сенбі, жексенбі күндері оқушылар ойын-сауық орталықтарына барып,  мәдени орындарға, ескерткіштерге экскурсиялар жасады.

📝Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі