Тәрбие жұмысы

❇Ұлы Жеңіс десек, ең алдымен сұрапыл соғыс есімізге түседі. Міне, сол Ұлы Жеңіске 77 жыл толды. Бұл жеңіс ең алдымен ата – бабаларымыздың арқасы, төгілен қаны. Оларды ешқашан естен шығармауымыз керек.
❇Сондай, ержүрек, батыл, Ұлы Отан соғысының ардагері - Сатылган Бекмагамбетов атамыз.
❇Бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 "А" класс оқушылары, тәрбиешілері Салтанат Қуандыққызымен бірге батыр атамызды келе жатқан мерекесімен құттықтап, ақ батасын алды.

"2022 жыл - Бала жылы" аясында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар" атты 7-8 кластардың ер балалары мен әкелері арасында спорттық эстафета өтті.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 6-11 кластарында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼🎼 Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының оқушылары 29 сәуір күні "Өнер" орталығына Композитор, дирижер, Қазақстанның халық артисі, академик Ахмет Жұбановтың туған күніне арналған Филормония шығармашылық ұжымдарының концертін тамашалауға барды.

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
⚜Қиындықты бөлісіп, қол ұшын созу әр адамның борышы.
⚜Осы орайда "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі аясында көктемгі су тасқыны кезінде үйлерін су басып, панасыз қалған 12 отбасына азық-түлік, күнделікті пайдалануға арналған тұрмыстық заттар жеткізіліп берілді.
⚜Қайырымдылық шарасына ат салысқан мектебіміздің барша ата-аналар қауымына және қайырымдылық көмекті мұқтаж жандарға таратуға ықпал жасағандары үшін N47 орта мектебінің @47mektep әкімшілігіне алғыс білдіреміз!