Тәрбие жұмысы

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жасақталған "Үздік мектеп бұрышы - 2022" облыстық байқауынан Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты жүлделі ІІІ орынды иеленді !
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өткен "Бала қауіпсіздігі - басты назарда!" тақырыбындағы онлайн сабаққа мектеп-интернаттың 10 класс оқушылары қатысты.


Мектеп оқушылары және дебат клуб жетекшілері арасында дебаттық қозғалысты дамыту, қолдау және насихаттау мақсатында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен "Ұстаздан шәкірт озар!" атты облыстық дебат турниріне 8 "Б" класс оқушысы Аманғазы Балнұр мен "FМ" дебат клубының жетекшісі Михас Арухан қатысты. Турнирдің "Үздік спикері" номинациясын жеңіп алған Михас Аруханды құттықтаймыз!

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
"Аттандық бала шақтан - болашаққа!" атты мектеп бітіруші түлектердің онкүндігі аясында ұйымдастырушы педагог Г.Имангалиева мен 10 класс оқушыларының ұйымдастыруымен
"Жұлдызды кеш" тақырыбында би кеші өтті. Би кешіне 6-11 кластың оқушылары қатысты

⭐Ақтөбе облыстық білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындық пәнінің бағдарламасына сәйкес 2021-2022 оқу жылында оқу-далалық жиындарын өткізу туралы ұсыныс хатын негізге ала отырып Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 10 класс оқушылары үшін мамыр айының 16-20 күндері оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды.
⭐Оқу-далалық жиыны кезінде ер балалар әскери жетекші М.Намазгуловтың жетекшілігімен тактикалық дайындық, атыс дайындығы, жалпы әскери жарғылар, сапттық дайындық, әскери топография бойынша жаттығудан өтті.
⭐Қыз балалар мектеп медбикесі Г.Шаукенбаеваның жетекшілігімен медициналық білім негіздері бойынша дәріс тындады.

#физмат#тәрбие