Тәрбие жұмысы
2022 жылдың 23 қыркүйек күні тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес "Театр-мәдениет ошағы" тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. Шараға Т.Ахтанов атындағы драма театрының әртісі, Мәдениет саласының үздігі Қанымқұлова Жанар Исатайқызы @zhanar.isataikyzy қонақ ретінде қатысты.
Шара барысында Жанар Исатайқызы өмірбаяны мен өнер жолына қалай келгендігі туралы баяндады. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Түлектерге ыстық лебіз білдіріп, өзінің премьерасына шақырды.
Жанар Исатайқызына өнер жолында шығармашылық табыс тілейміз.

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
⚜Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың 22 қыркүйек күні өткізілген Өзін-өзі басқару үкіметінің кезекті Президент сайлауының қорытындысын жариялайды.
⚜Сайлау қорытындысы бойынша сайлауға қатысушылардың 25% дауысын жинаған 10 "Б" класс оқушысы АБДРАШИТ ЕРСУЛТАН мектеп президенті болып сайланды.
⚜Президентті ұлықтау салтанатты жиыны алдағы аптаға жоспарлануда.

#өзінөзібасқару_ұйымы
#мектеппарламенты

#физмат#тәрбие

Бүгін 22 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында Өзін-өзі басқару үкіметінің кезекті сайлауы өтуде.
Лицей-интернат директоры Каракоз Енсегеновна мектеп президенттігіне сайлауға түсіп жатқан үміткерлерге сәттілік тілеп, алғашқылардың қатарында сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек қазіргі уақытта ұстаздар мен оқушылардың 30% дауыстарын берген.
Сайлау түскі сағат 15:00-ге дейін жалғасатын болады.