Ұстаздар қауымы да түлектерге ақ жол тіледі

Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. 

Бүгін мектеп бітіруші түлектердің онкүндігі аясында түлектер ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Өз кезектерінде ұстаздар қауымы да түлектерге ақ жол тіледі.