- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 19 Мамыр 2022
-
Қаралды: 364
⭐Ақтөбе облыстық білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындық пәнінің бағдарламасына сәйкес 2021-2022 оқу жылында оқу-далалық жиындарын өткізу туралы ұсыныс хатын негізге ала отырып Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 10 класс оқушылары үшін мамыр айының 16-20 күндері оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды.
⭐Оқу-далалық жиыны кезінде ер балалар әскери жетекші М.Намазгуловтың жетекшілігімен тактикалық дайындық, атыс дайындығы, жалпы әскери жарғылар, сапттық дайындық, әскери топография бойынша жаттығудан өтті.
⭐Қыз балалар мектеп медбикесі Г.Шаукенбаеваның жетекшілігімен медициналық білім негіздері бойынша дәріс тындады.
#физмат#тәрбие
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 17 Мамыр 2022
-
Қаралды: 360
⭐Ерекше сәт. Ерекше толқыныс. Жас түлектер үшін осыдан тура 10 күннен кейін соңғы қоңырау соғылады.
⭐Бұл күн – мектеп тарихында, бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар азаматтардың үлкен жолға қадам басар шағы. Болашаққа қанат қағатын бұл сәт – әрбір оқушы үшін ең бір қымбат, ең бір қимас күндер ретінде естерінде мәңгілік қалары сөзсіз.
⭐Түлектер үшін бүгіннен бастап "Аттандық бала шақтан - болашаққа!" атты онкүндігі басталды. Онкүндік жоспары бойынша түлектер осы күндерді ерекше көңіл күйде өткізеді, барлық шаралар түлектердің құрметіне арналады.
⭐Онкүндіктің бүгін ашылу салтанаты
шет елден білімін жетілдіріп келген түлегіміз - Қармыс Мұстафаны қарсы алумен басталды. Мұстафа АҚШ-тың Нью - Йорк штатындағы Сиракуз(syracuse) қаласында "FLEX" бағдарламасымен "Bishop Grimes high school" жоғарғы мектебінде білім алып, жобалар қорғады. Осындай түлегімізбен мақтанамыз!!!
⭐Сонымен қатар ұстаздар қауымы түлектерімізге ақ тілектерін арнап, кеуделеріне қоңыраулар тақты.
#физмат#тәрбие
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Мамыр 2022
-
Қаралды: 374
???????????????????????????????????????????????????????? Ақтөбе облысының білім басқармасының тапсырмасына сәйкес "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында "Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің N2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Ізтлеу Мәндібай мектеп-интернаттың 8 класс оқушыларына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында жүріс-тұрыс қағидалары, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Мамыр 2022
-
Қаралды: 313
.jpeg)
Бүгін 11 мамыр күні Астана ауданы Сазды ПБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Сәкен Жармаганбетов мектеп-интернаттың оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың жол, көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 07 Мамыр 2022
-
Қаралды: 340
⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐⭐
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ер азаматтарын ұжымның нәзік жанды арулары атынан құттықтауы!
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!!!
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толу мерейтойымен құттықтаймыз!!!




