- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 10 Қазан 2022
-
Қаралды: 298
Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6 класс оқушыларының ата-аналары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Ата-аналар мұғалімдерімен кездесіп балаларының оқу сапасы туралы математик, қазақ тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану, информатика, тарих пәндерінің мұғалімдерімен толық ақпарат алмасты. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 10 Қазан 2022
-
Қаралды: 267
Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес "Құқықтық сауаттылық заман талабы" тақырыбында 7-сыныпта сыныптан тыс шара өтті. Шараға заң саласының қызметкері Байменов Асылбек мырза келіп, оқушыларға қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі, құқықтық сауаттылық жайлы ақпарат берді.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 07 Қазан 2022
-
Қаралды: 296
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе "Математика, физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру" тақырыбында семинар-практикасы өтті.
Өзін-өзі басқару үкіметінің белсенді оқушылары Сыдыков Еркебұлан мен Меңдібаева Жібек семинарға қатысушыларға лицей-интернат туралы таныстырылым жасады. 11 кластың өнерлі оқушылары күмбірлеген күймен күтіп алды. Дарынды оқушылар ғылыми жобаларға дайындаған жұмыстарын көрсетті.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 07 Қазан 2022
-
Қаралды: 261
Ағымдағы жылдың 5 қазан күні лицей-интернат директоры Карагоз Енсегеновнаның қатысуымен Өзін-өзі басқару үкіметінің алғашқы отырысы өтті. Мектеп Парламентінің алғашқы отырысында қыркүйек айында өткен мектеп президенті сайлауы талқыланады. Сонымен қатар фракция жетекшілері тағайындалып, оларға міндеттері түсіндірілді. Мектеп президентін ұлықтау шарасының өткізілу жоспары құрылды. Отырыста сөз алған лицей-интернат директоры мектеп президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтап, парламент мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 07 Қазан 2022
-
Қаралды: 262
