«Парасат» орденінің иегері Қойлыбаев Марат Айтуғанұлымен кездесу өтті

Бүгін, 12 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ» тақырыбында Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, Ақтөбе облысының Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қауымдастығының төрағасы, «Парасат» орденінің иегері Қойлыбаев Марат Айтуғанұлымен кездесу өтті. Кездесуге лицей-интернаттың 8-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерін мақтан тұту.


Кездесудің барысында лицей-интернат оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Әрі қарай кездесу қонақпен сұхбаттасу форматында жалғасты.
Өмірлік тәжірибесімен, тұшымды ойларымен, ақыл-кеңестерімен, тәлім-тағылымдарымен бөлісіп, ұсынысымызды қабыл алып, уақыт бөліп келген қонағымыз Марат Айтуғанұлына лицей әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!