Педагогикалық кеңес

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қаңтар айының 12 жұлдызында педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
- Білім беру жетістіктерінің мониторингіне қатысу барысындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы;
- ІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының қорытындысы/К.Ж.Кулымов - оқу ісінің орынбасары/,
- Орта білім беру ұйымдарындағы педагогтің қызметін бағалау құралдары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру/С.А.Есенғұл- тәрбие ісінің орынбасары/,
- Оқушылар арасындағы СӨС сақтау, діни сауаттылық, экстремистік, террористік, төтенше жағдайлар, маскүнемдік, нашақорлық, ЖИТС-тің алдын алу бойынша ата-аналармен, мамандармен бірлесіп жұмыс жүргізудің тәсілдері/Г.Имангалиева-педагог- ұйымдастырушы/,


- Оқу-тәрбие үдерісінде прогрессивті ойлауды (growth mindset) дамытудың ерекшеліктері /А.Н.Султанмуратова - орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі/ және ағымдағы мәселелер қаралды.
Психолог М.Истигулова ұжымға қарым-қатынасты нығайтуға, көңіл-күйді көтеруге бағытталған "Шынайы қолдау", "Сиқырлы витамин" тренингін өткізді. Педагогикалық кеңес соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес қаулысы шығарылып, қорытындыланды.