Отбасы күніне байланысты шара 6 б класс

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылы 10 қыркүйек Отбасы күніне байланысты 6 "Б" класс оқушыларына "Берекелі отбасы-болашақтың кепілі" тақырыбында психологиялық жұмыс өтілді. 📝Мақсаты: жанұядағы ата-ана, отбасы мүшелерімен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-анаға, отбасы мүшелеріне деген бала махаббатын жеткізу. 💠Ұйымдастырылған жұмыс аясында балалардың ата-ана, отбасы мүшелеріне деген ыстық ықыласы, бала жанарынан қуаныш, отбасы ол үшін ең үлкен қолдаушы, мақтанышы екені көрінді, балалар ерекше көңілді әсер алды, көңіл-күйдің жайлылығы сезілді.