"Нейрожаттығулар" ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 6 "А", "Б" класс оқушыларына "Нейрожаттығулар" ұйымдастырылды.
????Жаттығудан бұрын оқушылардың есте сақтау деңгейлеріне зерттеу жұмысы жүргізілді.
????Әрі қарай дамыту жұмысы аясында "Нейрожаттығу" (ми гимнастикасы), "Шульте" кестесі, "Струп-тест" өткізілді.
????Мақсаты:оқушылардың есте сақтау, зейін, қабылдау деңгейлерін арттыру.
✅Ұйымдастырылған жаттығулар ақпаратты тез қабылдап, қорытуға, зейінді шоғырландыруға, есте сақтау қабілетін арттыруға, мидың жұмыс істеу өнімділігін арттыруға көмектеседі.
✅Жаттығулар оқушылар үшін қызықты болды, белсенділікпен қатысты, таным деңгейлерін дамытуға мүмкіндік алды, ұжымда жақсы ахуал қалыптасты.