Қош келдің Жаңа жыл - жаңа белес, жаңа арман!

Жаңа жыл – өткен жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттауды қалайды. 🌲Осы орайда, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында “Қош келдің Жаңа жыл - жаңа белес, жаңа арман!” тақырыбында 6-10 кластарға мерекелік кеш өткізілді.