Тәтті сыйлықтарын тарту етті

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

🌲Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының өзін-өзі басқару үкіметінің белсенді оқушылары "Қамқорлық" фракциясынан Жақсылықов Амир, Сұлтанғалиева Әсем, Елубай Таир және "Тәртіп" фракциясынан Жеткергенов Сұңғат жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Аяла" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барып, орталықта тәрбиеленіп жатқан достарын мерекемен құттықтап, оларға мерекелік тәтті сыйлықтарын тарту етті.
🌲Өз кезектерінде орталықтың кішкентай бүлдіршіндері Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып берді, орталық директоры Жанылсын Достангалиевна оқушыларымызға жасаған қамқорлықтары мен қайырымдылықтары үшін ризашылығын білдірді.