Жаңалықтар

"2022 жыл - Балалар жылы" деп жариялануына орай және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығы аясында Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін насихаттау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 класс оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияны ұйымдастыруға ықпал еткендері үшін Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығына алғыс білдіреміз!!!

🍀Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының жазғы мектепке қатысып жатқан 6-7 класс оқушылары география пәнінің мұғалімі Т.Алдонгарова мен сынып тәрбиешісі А.Кушикбаеваның жетекшілігімен бүгін Қалалық жас натуралистер стансасына саяхатқа барды.

🍀Саяхат кезінде оқушылар стансаны мекендеген кішкентай достарымен танысып, оларды өз қолдарымен қоректендіруге мүмкіндік алды. Оқушыларымызға керемет көңіл күй сыйлап, мағыналы демалыс ұйымдастырған жетекшілері мен @unataktobe_naturalis қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығына орай бүгін жазғы мектепке қатысып жүрген Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 класс оқушылары қаламыздағы ескерткіштерге экскурсия жасады. Экскурсия кезінде оқушылар Әлия ескерткіші - Батырлар аллеясы - Қан мен тер ескерткіші - Абай ескерткіші - Даңқ мұнарасы сияқты қаламызға көрік беріп тұрған тарихи ескерткіштердің тарихымен танысып, тамашалауға мүмкіндік алды. Экскурсияны тарих пәнінің мұғалімі С.Нурмагамбетова мен сынып тәрбиешісі З.Бекмагамбетова ұйымдастырды.