Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбындағы  танымдық конференциясын Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есенғұл Сәтбек Аманбайұлы ашып берді, конференция бағдарламасы бойынша  С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Хакимова Сұлушаш Максимовна мерекемен құттықтады.
 «Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында облыстық маслихат депутаты, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанша Бақытхан Құрманқызы сөз алды. Желтоқсан оқиғасының куәгері көзімен көрген тарихи оқиға туралы тағылымды әңгімесімен бөлісті, оқушылар ерекше әсер алды.
Лицей-интернаттың тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Қуандыққызы «Желтоқсан оқиғасы-демократия жаршысы» тақырыбында баяндама жасады.
 «Мен – Тәуелсіздік құрдасымын!» тақырыбында лицей-интернат тәрбиешілері Толғанай Анарбековна мен Айсұлу Куандыковна конференцияға қактысушыларға викториналық сұрақтар қойды.
 «Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» тақырыбында лицей-интернаттың биылғы жылғы түлегі, 11 «А» класс оқушысы Жеткерген Шапағат болашақтағы жоспарымен бөлісіп, тілегін білдірді.
«Тәуелсіздікке тарту» бөлімінде лицей-интернаттың 6 класс оқушысы Қайырхан Дильназ, 7 класс оқушысы Жайылхан Айжүрек, 9 «Б» класс оқушылары Әбділлә Ершат пен Мұхтар Ерасыл белгілі қазақ ақындарының желтоқсан туралы, тәуелсіздік туралы шығармаларын оқыды. Ал, 8 «А» класс оқушысы Әділхан Бейімбет «» атты жүрек жарды туындысын жиналған жұртшылық назарына паш етті.
Кітапхана қызметкері Аленова Мадина «Желтоқсан - тәуелсздік бастауы» атты кітап көрмесін дайындап, библиографиялық шолу жасады.