Жаңалықтар

????"Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі" тақырыбындағы сынып аралық ата-аналар жиналысының екінші бөлімі сынып тәрбиешілерімен жалғасты.
Жиналысқа 6-11 кластардан барлығы 147 ата-ана қатысты.
????Жиналыстың күн тәртібі бойынша төмендегідей мәселелер қарастырылды:
❗1. 2022-2023 оқу жылындағы І тоқсан бойынша білім сапасының қорытындымен таныстыру.
❗2.Оқушылардың өмір қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу.
❗3."Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі" тақырыбында баяндама.
❗4. "Идеялды үй" психологиялық тренингі.
❗5. Кері байланыс.
❗6. Әртүрлі мәселелер.

????Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында ата-аналар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
????Ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының әр пән бойынша үлгерімдерін мұғалімдердің өз ауыздарынан естуге мүмкіндік алды.
????Ашық есік күнін өткізуге ЛИЦЕЙ ПАРЛАМЕНТІ ықпал жасап, ата-аналарды күтіп алу, оларды тіркеу, жиналыс өтетін кабинеттерге нұсқау көрсету сияқты жұмыстарды өзара бөлісіп, кезекшілік атқарды. Лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ауызбіршілікпен атқарған жұмысына ата-аналармен бірге лицей әкімшілігі де өз ризашылықтарын білдірді.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айында "Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет" атты құқықтық онкүндік аясында 10 "Б" класында "Өмірді бағала!" атты психологиялық ағарту жұмысы класс тәрбиешісі З.Бекмагамбетова мен психолог М.Истигулованың ұйымдастыруымен өтті.
????Мақсаты: оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру, балалардың өмірге деген қызығушылығын ояту.
✅Ағарту жұмысы аясында өмір және өмірдің мәні, өмірдегі кездесетін жағдайлар, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың салдары және қылмыстық жауаптылық туралы кеңінен түсіндіріліп, оқушылармен кең көлемде пікірлесу өтті.
✅Ағарту жұмысынан оқушылар өмір адамға маңызды және адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілетінін, тұлға ретінде құқықтық жауапкершілікті сезініп, өмірді бағалау керек екенін ұғынды.

⚜️«Театр және балалар» жобасы аясында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының оқушылары Т.Ахтанов атындағы драма театрына барды.
⚜️Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының кезекті премьерасы Барзу Абдуразаковтың "Айналайын" атты драмасынан оқушылардың алған әсері ерекше. Спектакль барысында ананың жоғары лауазымды баласына тек қана телефон арқылы сөйлесуі, ал оның оғаш сөздері мен қылықтары үшін ренжімей, қайта тілеуін тілеп, шексіз мейіріміне бөлеп, жалғыздықтан жапа шеккен ананың сүйініші мен күйінішін сездіріп, оқушылардың көзіне үйірді.
⚜️Ананың ролін сомдаған театр актрисасы, Мәдениет саласының үздігі Майра Илиясованың баласына деген шексіз сүйіспеншілікке толы образы қойылымда шеберлікпен көрініс тауып, көрермендерді қатты тебірентті. Ал баласының роліндегі жас актер Рахат Төрежанов сөзсіз, кейіпкерін сәтті сомдап шықты. Спектакльде ананың өзіне тән қасиетті бейнесі тереңдікпен жеткізілген.
⚜️Бұл қойылымның көрерменге, әсіресе жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Баласына ғана арналған мейірімге толы ғұмыры арқылы ана махаббаты суреттелген. 

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 9”Б” сыныбында “Жасөспірім. Құқықбұзушылық. Жауапкершілік” тақырыбындағы тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Әкелер кеңесінің мүшесі, құқық қорғау саласының зейнеткері, полиция полковнигі Айтпаганбетов Ерболат Шалтайович қатысты. Оқушыларға тәртібі мен оқуына мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға болатындығы жөнінде мағлұматтар берді.