Жаңалықтар
✔️Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 9-10 сынып оқушыларына тәрбиеші Хайрулла Ерланның ұйымдастыруымен "Y-PEER"-жастар арасындағы тең білім беру желісінің волонтерлері Өсербай Әсет, Утегалиева Гульзат, Абилханова Дильназ "Буллинг" тақырыбында тренинг жүргізді. Миға шабуыл жасау арқылы буллинг, кибербуллинг ұғымдарын, мектеп оқушылары арасында орын алатын зорлық-зомбылық түрлерін және олардың зардаптарын қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп өтті.
✔️Оқушылар тренингке белсенділікпен қатысып, ризашылықтарын білдірді.
✔️Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты 2022-2023 оқу жылына педагогтердің бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды.