Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың

Ақтөбе облыстық білім басқармасының 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша әзірлеген іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты 12 желтоқсан күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында танымдық конференциясын өткізді.
       Конференцияға «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінен арнайы қонақтар шақырылды. Конференцияға қатысқан «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, облыстық маслихат депутаты, желтоқсан оқиғасының куәгері Бақытхан Құрманқызы «Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында баяндама жасады. Танымдық конференцияға қатысушылар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады. Сонымен бірге физика-математикалық лицей-интернатының ұстаздар мен оқушылары дайындаған «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбындағы шараның куәгері болды.
      Конференцияға қатысушы оқушылар «Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» ұранымен шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды, қонақтармен естелік фотоға түсті.