Тәрбие жұмысы

???????????????????????????????????????????????????????????????????????????? Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының оқушылары 29 сәуір күні "Өнер" орталығына Композитор, дирижер, Қазақстанның халық артисі, академик Ахмет Жұбановтың туған күніне арналған Филормония шығармашылық ұжымдарының концертін тамашалауға барды.

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
⚜Қиындықты бөлісіп, қол ұшын созу әр адамның борышы.
⚜Осы орайда "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі аясында көктемгі су тасқыны кезінде үйлерін су басып, панасыз қалған 12 отбасына азық-түлік, күнделікті пайдалануға арналған тұрмыстық заттар жеткізіліп берілді.
⚜Қайырымдылық шарасына ат салысқан мектебіміздің барша ата-аналар қауымына және қайырымдылық көмекті мұқтаж жандарға таратуға ықпал жасағандары үшін N47 орта мектебінің @47mektep әкімшілігіне алғыс білдіреміз!

????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????????‍????
????‍????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында "Жас қанат" жас мамандар мектебі мен Әдістемелік бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес бүгін "Үздік жас маман-2022" мектепішілік байқауы өткізілді.
????‍????Байқаудың мақсаты:
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.
????‍????Байқаудың кезеңдері:

Толығырақ: "Үздік жас маман-2022" мектепішілік байқауы өтті

????????????????????????????????
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында ата-аналар жиналысының екінші бөлімі кластарда жалғастырылды, мұнда "Қазіргі кездегі дұрыс тамақтану- сәтті болашақ" тақырыбында ата-аналар комитетінің баяндамасынан басталып, класс тәрбиешісінің сыныптың III оқу тоқсаны бойынша оқу-тәрбие процесі туралы есебі тыңдалды.
????Ата-аналарды өздерінің және балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, жарасымды қарым-қатынас қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында психолог М.Истигулова "Жарасымды көңіл-күй" тақырыбында тренинг өткізді, ата-аналар тренингке қызығушылықпен қатысты.

????????????????????????????????Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында 2022 жылдың 23 сәуірінде 6-11 класс аралығында АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ өтті. Жиналыстың бірінші бөлімінде: ????III оқу тоқсандағы оқу үлгерімі бойынша ата-аналардың пән мұғалімдерімен жеке кездесуі өтті. Ата-аналар балаларының оқу үлгерімдері туралы пән мұғалімдерімен жеке-жеке байланыс жасады.