Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің

⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜⚜
⚜«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
⚜Дәл осындай игі ниеттегі ізгі іс - "Мейірім" қайырымдылық жәрмеңкесі Қасиетті Рамазан айының аясында 22.04.2022 жылы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында өтті.  Мектеп - интернатта 09:00-ден басталған жәрмеңкеде тәтті тағамдар мен сусындар сатылымға қойылды.
⚜Жәрмеңкеден түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады. Қайырымдылық жәрмеңкесін атсалысқан ата-аналар, тәрбиешілер мен оқушылар қауымына айтар алғысымыз шексіз!