Тәрбие жұмысы

Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні жастар арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, деструктивті идеологияның таралмауына жол бермеу мақсатында  "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ-нің "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" КММ теолог маманы Искаков Медет Нұрлыбекұлы мен осы мекеменің психологі Тулепбергенов Тимур Тайбекович 9 класс оқушылармен кездесу өткізді.

Халқымыздың әдет-ғұрып,салт-дәстүрі жас ұрпақты адамгершілікке,жақсылыққа үндеп,сана сезімін,дүниетанымын дамытуды көздейді. Осы мақсатта бүгін 10 ақпан наурыз күні "Педагогика және психология" бірлестігінің онкүндігі аясында 9"Б" класында өткен "Қазақтың тыйым сөздері" атты сыныптан тыс тәрбие сағатына ұлттық салт - дәстүрді насихаттайтын республикалық көлемдегі "Дәстүрге жол" жобасын облысымызда дәріптеп жүрген Айжарықова Шамсия, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Еңбек ардагері Қарымсақова Несібелі аналарымыз қатысып, қыздарымызға тәлім тәрбие беретін әсерлі әңгіме өрбітті.

♦️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 8 класс қыз балалары және олардың тәрбиешілері Әйгерім Жолдыбаева мен Рахила Төреханова кеше ғана өткен халықаралық әйелдер күніне байланысты және "Педагогика-психология" бірлестігінің он күндігі аясында "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік кешеніне қонаққа барды.

Толығырақ: "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік кешеніне қонаққа барды

"Педагогика-психолгия" бірлестігінің онкүндігі аясында 9 "А" класында "Әлем шаттық пен сұлулыққа толы" сыныптан тыс шарасы өтті. Мақсаты: Оқушылар бойында сүйіспеншілік, сыйластық, ауызбіршілік қасиеттерін қалыптастыруға бағыттау.
Сынып тәрбиешісі Салтанат Нурмагамбетова.

#физмат#тәрбие