Болашақ біздің қолымызда!

2022 жылдың 16 сәуір күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының “FM” клубының ұйымдастыруымен “Болашақ біздің қолымызда!” атты "2022 жыл-Балалар жылы" және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығы аясында 6-8 класстар арасында өтетін мектепішілік пікірсайыс турнирі өтті.Турнирде оқушыларға әділ төрешілік етіп, дебат жайлы өз білгендерімен бөлісу үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨУ филология факультетінің жанынан ашылған “Shabyt” зияткерлік элиталар одағының мүшелері Әбілхайыр Әлихан, Қадірбек Іңкәр шақырылды.
Турнирге барлығы 6 фракция, 12 оқушы қатысты.
Турнир қортындысы бойынша:
🥇I орын- “Жас толқын” фракциясы.Аманғазы Балнұр,Төремұратов Саламат
🥈II орын- “FM stars” фракциясы. Муапықова Фатима,Әділхан Беймбет
🥉III орын- “Болашақ” фракциясы. Қасымова Ерасыл, Қуанышғали Жалғас
🏅“Үздік жас буын” номинациясы- Қайырғали Рамазан
🏅“Үздік талпыныс” номинациясы - “Физмат зиялылары” фракциясы- Сайлаубаев Әсет, Болат Сұлтан.
🏅“Үздік ұйымдастырушы”- Сейтқали Аружан
🏅Турнирдің “Үздік спикер-2022” номинациясы-Аманғазы Балнұр.