"Үздік жас маман-2022" мектепішілік байқауы өтті

👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓
👨‍🏫Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында "Жас қанат" жас мамандар мектебі мен Әдістемелік бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес бүгін "Үздік жас маман-2022" мектепішілік байқауы өткізілді.
👩‍🏫Байқаудың мақсаты:
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.
👨‍🏫Байқаудың кезеңдері:


1. «Оқуға мен құштармын...» (О.Бөкей «Атау-кере» повесінен тестілеу)
2. «Мен болашақтың мұғалімімін» тақырыбындағы таныстырылым
3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
4. «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» (ситуациялық сұрақтар айдары)
👩‍🏫Байқауға барлығы 8 жас маман қатысты.
«Үздік жас маман - 2022» байқауының қорытындысы бойынша
🏆Есалина Айзада Піралықызы «БАС ЖҮЛДЕ»;
🥇Кушикбаева Айсулу Куандыковна І орын;
🥈Биржанова Аслай Абаевна ІІ орын;
🥉Рахметулла Айділдаұлы ІІІ орын;
🎁Сулейменов Бегдулла Жалгасбайулы "Тапқыр маман» номинациясы;
🎁Марқабай Эльвира Санатқызы "Оқуға құштар маман" номинациясы;
🎁Алдонгарова Толғанай Анарбекқызы "Өнерлі маман" номинациясы;
🎁Хайрулла Ерлан Абдулғазисулы "Креативті маман" номинациясымен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен және Кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйақылармен марапатталды.
Жас мамандарды марапаттарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐