Ерекше сәт. Ерекше толқыныс.

⭐Ерекше сәт. Ерекше толқыныс. Жас түлектер үшін осыдан тура 10 күннен кейін соңғы қоңырау соғылады.

⭐Бұл күн – мектеп тарихында, бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар азаматтардың үлкен жолға қадам басар шағы. Болашаққа қанат қағатын бұл сәт – әрбір оқушы үшін ең бір қымбат, ең бір қимас күндер ретінде естерінде мәңгілік қалары сөзсіз.

⭐Түлектер үшін бүгіннен бастап "Аттандық бала шақтан - болашаққа!" атты онкүндігі басталды. Онкүндік жоспары бойынша түлектер осы күндерді ерекше көңіл күйде өткізеді, барлық шаралар түлектердің құрметіне арналады.

⭐Онкүндіктің бүгін ашылу салтанаты
шет елден білімін жетілдіріп келген түлегіміз - Қармыс Мұстафаны қарсы алумен басталды. Мұстафа АҚШ-тың Нью - Йорк штатындағы Сиракуз(syracuse) қаласында "FLEX" бағдарламасымен "Bishop Grimes high school" жоғарғы мектебінде білім алып, жобалар қорғады. Осындай түлегімізбен мақтанамыз!!!

⭐Сонымен қатар ұстаздар қауымы түлектерімізге ақ тілектерін арнап, кеуделеріне қоңыраулар тақты.

#физмат#тәрбие