Экскурсия ұйымдастырылды

"2022 жыл - Балалар жылы" деп жариялануына орай және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының 5 жылдығы аясында Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін насихаттау мақсатында Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 9 "Б" класына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияны ұйымдастыруға ықпал еткендері үшін Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының директоры Досмұратов Фархад Сабыртайұлына, орталықтың бас инспекторы Алиаскарова Маржан Молдахметовнаға, орталықтың тарихшысы Мырзабаева Динара Несіпбайқызы және сонымен қатар Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының директоры Еспанбетов Жандос Жәумитовичке, жол бойындағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін Жергілікті полиция департаментінің бастығы Саймаганбетов Ардана Муратовичке мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!!!