АИТВ, ЖИТС-ның таралуы және одан сақтану жолдары

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай 9 “А” , 9 “ Б” сынып оқушыларына Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары
дәрігер эпидемиолог А.Д.Тұрғынбаева , педагог М.К.Матаева “АИТВ, ЖИТС-ның таралуы және одан сақтану жолдары “ тақырыбында ақпараттық сабақ өткізді. Мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, тән және жан тазалығын сақтауға тәрбиелеу.