- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 22 Қазан 2022
-
Қаралды: 322
25-қазан Республика күніне орай бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Гүлдене бер менің Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтті. Концертте лицей-интернат басшысы Қ.Енсегеновна лицей ұжымын егемен еліміздің ұлық мерекесімен құттықтап, білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестері үшін интернат меңгерушісі Р.Туреханованы Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, тәрбиеші К.Нугманованы білім басқармасының алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қатар лицей-интернаттың күміс көмей әншілері, мың бұралған бишілері,домбыраның құлағында ойнайтын күйшілері, жыр оқитын өнерлі оқушылары мерекелік концертке өз өнерлерін тарту етті.
Мектеп Парламентінің белсенді оқушылары концертті ұйымдастыруға ықпал жасады.
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымызды жеткіземіз!
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріміз табысты болсын!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 22 Қазан 2022
-
Қаралды: 298
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында Республика күніне орай ұйымдастырылған шаралар мен байқаулардың жеңімпаздары «Гүлдене бер менің Қазақстаным» атты мерекелік концертте марапатталды.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 20 Қазан 2022
-
Қаралды: 292
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 25-қазан Республика күніне орай Өзін-өзі басқару үкіметі “Мектеп Парламенті” Президентін Ұлықтау салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты жиында лицей-интернат директоры Қаракөз Енсегеновна өзін-өзі басқару үкіметінің мүшелерін тағайындап, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылында Мектеп Парламентінің құрамында болған белсенді оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
Ұлықтау шарасы кезінде экс-президенттер Сансызбаев Мержан мен Акимгереева Шадияра мектептің туын жаңа президент Әбдрашит Ерсұлтан мен премьер-министр Меңдібаева Жібекке салтанатты түрде табыстады.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн! - деп Мағжан ақын жырлағандай бізде белсенді оқушыларымыздың лицей-интернаттың дамуына үлестерін қосарларына зор сенім артамыз!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Қазан 2022
-
Қаралды: 902
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 7 класс оқушыларымен 18 қазан күні “Имандылық - асыл қасиет” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Ұзақбай Әділжан Берікбайұлы мен психолог маманы Тулепбергенов Тимур Тайбекович қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жалпы рухани-адамгершілік тәрбие төңірегінде әңгіме қозғалды. Кездесу оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.
Сынып жетекшісі Биржанова Асылай Абаевна.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Қазан 2022
-
Қаралды: 294
