«Гүлдене бер менің Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтті.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 22 Қазан 2022
-
Қаралды: 116
25-қазан Республика күніне орай бүгін Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында «Гүлдене бер менің Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтті. Концертте лицей-интернат басшысы Қ.Енсегеновна лицей ұжымын егемен еліміздің ұлық мерекесімен құттықтап, білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестері үшін интернат меңгерушісі Р.Туреханованы Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, тәрбиеші К.Нугманованы білім басқармасының алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қатар лицей-интернаттың күміс көмей әншілері, мың бұралған бишілері,домбыраның құлағында ойнайтын күйшілері, жыр оқитын өнерлі оқушылары мерекелік концертке өз өнерлерін тарту етті.
Мектеп Парламентінің белсенді оқушылары концертті ұйымдастыруға ықпал жасады.
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымызды жеткіземіз!
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріміз табысты болсын!