“Тұғыры биік-Тәуелсіздік”атты пікірталас турнирі өткізілді

📍2021 жылдың 8 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының “FM” пікірталас клубының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тұғыры биік-Тәуелсіздік”атты пікірталас турнирі өткізілді.
📍 Жарысқа барлығы 10 спикер,5 фракция қатысты.Жарыс АПФ,ЛД форматтары бойынша жүргізілді.
Берілген тақырыптар бойынша спикерлер жүйелі ойын өрнегін көрсетіп,берілген идеяларды толық аша білді.Өз идеялары, ұсыныстары арқылы тәуелсіздіктің басты құндылықтарын ұғындырғандай болды.Себебі тәуелсіздік пен ой, сөз еркіндіктері егіз ұғымдардай қатар жүреді.
📍Турнир қорытындысы бойынша білім мен тапқырлықты, шапшаң ойлау мен сөйлеу өнерін қатар алып,үлгілі ойын өрнегін көрсеткен “Position” мен “Аристократ” фракциялары жеңімпаз атанды.Турнирдің “Үздік спикер” марапатын Есқалиев Санжар иеленді.

#Тәуелсіздікке30жылАқтөбе