Оқуға құштар мектеп

📚Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасының "Әдеби әлем" марафоны аясында тілдер және қоғамдық ғылымдар бірлестігі Рахымжан Отарбаевтың «Айна-ғұмыр» атты пьесалар жинағының таныстырылымын көрсетті.
📚Пән мұғалімдері жинақтағы "Бейбарыс сұлтан", "Сырым батыр", "Жәңгір хан", "Двойник", "Айна ғұмыр" драмаларының таныстырылымын буктрейлер, слайд түрінде жан-жақты түсіндіріп, автордың тарихтағы табандылық пен тамырдағы тектілікті ұштастыра отырып, адам мен қоғам, тұлға мен тобыр тартысқан заман шындығы, бұрын беймәлім болып келген көп құпиялар біртуар халық перзенттерімен бірге сырын ашып, өлген тарихқа жан бітіріп, тарихи тұлғалардың ұлт бостандығы үшін сіңірген толассыз еңбектері біз білмейтін жаңа қырларын ашуға септігін тигізгенін атап көрсетті.
📚Автор қазір қоғамда орын алған келеңсіз жайттарды да өз шығармаларында көрсете білді. Таныстырылым соңында қатысушы мұғалімдерден @quizizz.com платформасы арқылы кері байланыс жүргізіліп, өзара пікір алмасты.

#АқтөбеОқуғақұштармектеп