Тәрбие жұмысы

"Психология-педагогика" бірлестігінің "Ақ бүршік жарған, қош келдің, Көктем!" тақырыбындағы апталығы 2021 жылдың 1-6 наурыз  аралығында басталды. Мақсаты: тәрбиенің озық әдіс-тәсілдерін жаңа технологиялар негізінде жүргізе отырып, мектеп оқушыларының жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру және дамыту. Апталық аясында өтетін іс-шараларға қатысыңыздар, көріңіздер, тамашалаңыздар!

 

 

 

15-мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. 1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.