"Құқық бұзушылыққа жол жоқ" жобасы бастау алды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 09 Желтоқсан 2021
-
Қаралды: 144
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ тапсырысы бойынша «Ақтөбе даму» қоғамдық қорының қолдауымен өңірде "Құқықбұзушылыққа жол жоқ" жобасы бастау алды.
Жобаның мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, балаларға психологиялық-педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және олардың проблемаларын шешу жолдарын қарастыру. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде психологтарды, медиаторларды және құқық қорғау органдарының өкілдерін тарта отырып, Жасөспірім ұлдармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні осындай шаралардың бірін Ақтөбе облыстық мамандандырылыған физика-математикалық мектеп-интернатында өткізілді. Спикерлер: 1. Лакова Тансулу Загитовна – Отбасын сақтау орталығының кәсіби медиаторы.
2. Ерәділ Жиенбайұлы – бокстан спорт шебері, жаттықтырушы. Үкіметтік емес ұйымдардың директорының міндетін атқарушы.
3. Ермаганбетов Дауренбек Барлыкович, Астана ауданының №2 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны.
4. Калел Бибигуль Маратовна – техника ғылымдарының докторы, психолог маман.
Кездесу барысында полиция қызметкері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері балаларға тұрмыстағы және көшедегі, қоғамдық орындардағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері, отпен қауіпсіздік ережелері туралы еске салады, сондай-ақ шұғыл жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып береді. Өз әңгімесінде Дауренбек Барлыкович ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын салу, сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттарды пайдалану сияқты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке де қатысты. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндіріледі.
Ерәділ Жиенбайұлы жасөспірімдердің өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен және ұқыпты қарау ,зияны, психотроптық заттардың жастардың денсаулығына теріс әсері және тыйым салынған құралдарды қолданудың салдары туралы кеңестер айтып, оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, спортпен шұғылдануға шақырды және алдағы уақытта өз тарапынан қолдау көрсететінің айтты. Өмірден бірнеше мысалдар келтіре айтқан әңгімесі оқушыларды тәнті етті.
Психолог маман Бибигуль Маратовна оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жоғары класс оқушыларына мамандық таңдау және кәсіпті меңгеру туралы қызықты пікірсайыс болды. Кездесудің соңғы жағында ер балаларға арналған тренинг өткізді. Тренингте балалар дос таңдау, қарым-қатынас барысындағы кішіпейілділік, көшбасшылық қабілет туралы ойларымен бөлісті.
Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру,салауатты өмір салтын қолдау, келеңсіз оқиғалардан сақ болу, отбасы құндылықтары туралы кеңестерімен бөліскен қонақтарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!