"DISCO PARTY" би кешін ұйымдастырды

30 қараша күні лицей-интернат парламенті "The best couple of FM" сайысында анықталған 2023 жылдың ханзадасы мен ханшайымына арналған "DISCO PARTY" би кешін ұйымдастырды. Кешті "Мәдениет" фракциясының көшбасшылары Закенаев Амиржан, Нургалиева Дина, Саламатова Мерей жүргізді. Кеш барысында көңілді ойындар ойнатылып, ойын жеңімпаздарына тәттілер таратылды. Лицей Президенті Қойшыбаев Әбдірахман кеш қатысушыларына құттықтау сөзін арнап, қуыршақ бейнесін үздік сомдаған қыздарды марапаттады.