«Өзін-өзі басқару күні» болды

2021 жылдың 5 наурыз күні 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатында «Өзін-өзі басқару күні» болды.
💼11 сынып оқушылары мектеп әкімшілігі және мұғалім қызметтеріне бөлініп, оқушылар бір ауысым бойынша сабақ берді және мектепті безендірді. Сонымен қатар таңертең 11 сынып оқушылары қолдарына шар алып мұғалім апайларын қошеметпен қарсы алып өз құрметтерін байқатты.


💼Оқушылардың сол күнгі жауапкершілігі және оны сезінуі, мұғалімнің қызметін түсіне білулері, өте жоғары дәрежеде байқалды. Сабақтарға жоғары дайындықпен келген. Әрбір пән мұғалімі төменгі сынып оқушыларының сұрақтарына тиянақты жауап берді.
💼2021-2022 оқу жылындағы «Өзін-өзі басқару» ұйымының іс-шаралары өз денгейінде атқарылды.

#физмат#тәрбие