"Анаға тағзым" рухани-адамгершілік кешеніне қонаққа барды
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 06 Наурыз 2022
-
Қаралды: 133
♦️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 8 класс қыз балалары және олардың тәрбиешілері Әйгерім Жолдыбаева мен Рахила Төреханова кеше ғана өткен халықаралық әйелдер күніне байланысты және "Педагогика-психология" бірлестігінің он күндігі аясында "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік кешеніне қонаққа барды.
♦️Рухани орталықтың менеджері Марта Есіркепқызы қыз балаларға "Ана даңқы" галереясын, "Аналар аманаты" орталығын сонымен қатар қыз бала тәрбиесіне арналған бірнеше бөлмелермен толық таныстырды. Қыздарымыз орталық туралы өз ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.
♦️ Мектеп әкімшілігі атынан қазақ қыздарының ұлттық тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік орталығына алғыс білдіреміз!
#физмат#тәрбие