«Менің әкем SUPERMАN!» интеллектуалды шоу бағдарламасы ұйымдастырылды

8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында Педагогика-психология бірлестігінің онкүндігі аясында және «Ұлағат» Әкелер кеңесінің жұмыс жоспары негізінде «Менің әкем SUPERMАN!» интеллектуалды шоу бағдарламасы ұйымдастырылды.
       Шараның мақсаты: қыз бала тәрбиесіндегі әкелердің жауапкершілігі мен мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ету.
       6-8 сыныптан бес әке бес қыз қатысты.

       «Ұлағат» Әкелер кеңесінің белді мүшесі Кыстаубаев Сагадат Мералиевич әділ-қазылар алқасында төрелік етті.
       Шоу бағдарлама төмендегі кезеңдермен жүргізілді:
1 тур  «Бір бірімізді жақсы білеміз бе?»
2 тур  «Сөз мәйегі- мақал»
3 тур «Шебер қолдар»
4 тур «Танып ал»
5 тур  «Өнерлі өрге жүзер»
Шоу бағдарлама нәтижесінде:
????«Менің әкем SUPERMАN!» Бас жүлдесіне 8 б сынып оқушысы  Ерболат Айдана әкесі Айтпағанбетов Ерболатпен иеленді.
????«Өнерлі әке» номинациясымен 7 б сынып оқушысы Қанатбаева Айхан әкесі Тлеуберген Батырханмен марапатталды.
????«Қамқор әке» номинациясымен  6 сынып оқушысы  Ғабит Еркенұр әкесі Сұлтанов Нұрбекпен марапатталды.
????«Мейірімді әке» номинациясымен 7 а сынып оқушысы Айжарықова Гаухар әкесі Айжарықов Нұрлыбаймен марапатталды.
????«Өнегелі әке» номинациясымен 8 а сынып оқушысы Жантілеу Еркежан әкесі Рысмағамбетов Бағланмен марапатталды.
       Әке болу бақыт. Бірақ, қыздары бар әкелер өздерін одан да бақыттырақ сезінеді. Бүгінгі кеште қыздары үшін барын салып, жанын беруге даяр әкелерімізге мектеп ұжымы атынан үлкен алғыс білдіреміз.

#физмат#тәрбие