Cыныптан тыс шара
2022 жылдың 23 қыркүйек күні тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес "Театр-мәдениет ошағы" тақырыбында сыныптан тыс шара өтті. Шараға Т.Ахтанов атындағы драма театрының әртісі, Мәдениет саласының үздігі Қанымқұлова Жанар Исатайқызы @zhanar.isataikyzy қонақ ретінде қатысты.
Шара барысында Жанар Исатайқызы өмірбаяны мен өнер жолына қалай келгендігі туралы баяндады. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Түлектерге ыстық лебіз білдіріп, өзінің премьерасына шақырды.
Жанар Исатайқызына өнер жолында шығармашылық табыс тілейміз.