Математика, физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе "Математика, физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру" тақырыбында семинар-практикасы өтті.
Өзін-өзі басқару үкіметінің белсенді оқушылары Сыдыков Еркебұлан мен Меңдібаева Жібек семинарға қатысушыларға лицей-интернат туралы таныстырылым жасады. 11 кластың өнерлі оқушылары күмбірлеген күймен күтіп алды. Дарынды оқушылар ғылыми жобаларға дайындаған жұмыстарын көрсетті.