Ашық есік күні ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 6 класс оқушыларының ата-аналары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Ата-аналар  мұғалімдерімен кездесіп балаларының оқу сапасы туралы математик, қазақ тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану, информатика, тарих пәндерінің мұғалімдерімен толық ақпарат алмасты. Көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.