Өзін-өзі басқару үкіметінің алғашқы отырысы өтті
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 07 Қазан 2022
-
Қаралды: 65
Ағымдағы жылдың 5 қазан күні лицей-интернат директоры Карагоз Енсегеновнаның қатысуымен Өзін-өзі басқару үкіметінің алғашқы отырысы өтті. Мектеп Парламентінің алғашқы отырысында қыркүйек айында өткен мектеп президенті сайлауы талқыланады. Сонымен қатар фракция жетекшілері тағайындалып, оларға міндеттері түсіндірілді. Мектеп президентін ұлықтау шарасының өткізілу жоспары құрылды. Отырыста сөз алған лицей-интернат директоры мектеп президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтап, парламент мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.