Марапаттау шарасы өткізілді

2022 жылғы 5 қазанда Ақтөбе облысының білім басқармасы, "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 37 жеңімпазын салтанатты марапаттау шарасы өткізілді. Салтанатты марапаттау шарасына Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 7 класс оқушылары Жайылханова Айжүрек пен Хамит Жанерке қатысты.

Интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті тұлға қалыптастыру, шығармашыл, дарынды оқушыларды ынталандыру мақсатында Ақтөбе облыстық білім басқармасының атынан "Ақтөбе-Дарын" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының директоры Ж.Есенжолова балалардың болашағына жауапкершілік танытып, қолдау көрсеткен ата-аналарға Алғыс хат, жеңімпаздарға диплом мен 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде сертификат табыстады. Шара барысында лицей-интернатымыздың 7 класс оқушысы Жайылханова Айжүрек олимпиада туралы өз ойларымен бөлісті және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жеңімпаз оқушыларымызды және олардың ата-аналар шын жүректен құттықтаймыз!