Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2025 жылдың қаңтар айының 13-17 жұлдызында лицей -интернат оқушыларына "Қауіпсіз өмір-қауіпсіз интернет" тақырыбында профилактикалық сабақ өтілді.
📝Мақсаты: әлеуметтік желінің қарым – қатынасқа пайдасы мен зиянын, кибербуллинг және буллинг одан қорғану, әлеуметтік желіні оңтайлы пайдалануға үйрету.
❇️Сабақ барысында оқушылар әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы, қауіпсіздік ережелері, буллинг, кибербуллинг және одан қорғану жолдары аясында топтық, жұптық,жеке жұмыстар орындап, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері туралы бейнеақпарат тыңдады, профилактикалық сабақ аясында жадынамалар ұсынылды, оқушылар өз білімдерін толықтырды.
❇️Аталған профилактикалық сабақ лицей-интернаттың тәрбие бөлімі: С.А.Есенғұл-тәрбие орынбасары, Г.Ж.Имангалиева-әлеуметтік педагог, М.К.Истигулова- психолог және 7 "А" класс тәрбиешісі К.Қ.Жазықбаеваның ұйымдастыруымен өтілді.