Өмір сабақтары 8 сынып

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2024 жылдың қараша айының 29 жұлдызында 8 класс оқушыларына "ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" айлығы аясында өмір ұғымын түсіндіре отырып, құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу мақсатында өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру мақсатында "Өмір сабақтары" тақырыбында психологиялық түзету-дамыту жұмысы өткізілді. ❇️Оқушылар өмір адамға адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру үшін берілетінін, тұлға ретінде құқықтық жауапкершілікті сезініп, өмірді бағалау керек екенін ұғынды. ❇️Түзету-дамыту жұмысын өткізген психолог М.К.Истигулова.