Балаларға психологиялық қолдау көрсету

«Балаларға психологиялық қолдау көрсету: Ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі
тақырыбында ата-аналар жиналысының ІІ бөлімінде ата-аналар сынып тәрбиешілерімен кездесті.


Күн тәртібінде:
1) Сынып тәрбиешілері І тоқсан бойынша оқу-тәрбие процесінің есебін баяндады.
2) 6-9 сыныптың ата-аналарына Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы негізінде «Ұйқы реттелмей, өмір реттелмейді» тақырыбында баяндама оқылды.
3) 6-9 сыныптың ата-аналарына Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы негізінде «Бала жүрегіне жол табу – ата-ананың міндеті» тақырыбында баяндама оқылды.
4) 6-9 сыныптың ата –аналарына лицей психологы «Орта буын:бейімдеу жолдары» бағытында жүргізілген психологиялық жұмыстарды таныстырып, ата-аналарға маман тарапынан кеңестер берді.
5) 10-11 сыныптың ата-аналарына Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы негізінде «Ұйқы және жан тыныштығы» тақырыбында баяндама оқылды.
6) 10-11 сыныптың ата-аналарына Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы негізінде «Тұлғалық қалыптасу: дербестік құқығы» тақырыбында баяндама оқылды.
7) Сонымен қатар әртүрлі мәселелер қозғалып, ата-аналардан кері байланыс алынды.
Жиналысқа барлығы 129 ата-ана қатысты.