Адал ұрпақ-елдің болашағы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2022
-
Қаралды: 72
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 11 класс оқушыларымен бүгін "Адал ұрпақ-елдің болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Ақтөбе қаласының "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің сарапшысы Тәжімұратов Айтуған Бауыржанұлы қатысты. " Адалдық алаңы" мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жемқорлықты мүлдем қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отырғандығы жөнінде айта келіп, бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстарына тоқталды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған жауаптар алып, кездесу оқушылар ойынан шықты.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2022
-
Қаралды: 64
Ағымдағы жылдың 9 қараша күні өткен N1 педагогикалық кеңесте “Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар” туралы мәселе қозғалды. Ұйымдастырушы педагог Г.Имангалиева баяндамасында І тоқсан бойынша N2 Астана аудандық полиция бөлімшесімен бірлесе жүргізілген жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар “Құқық кеңесі” мен “Мобильді топ” құрамымен таныстырып, оларға жүктелген міндеттерге тоқталды.
НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2022
-
Қаралды: 49
💉🚫 НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
📔Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 03.11.2022 жылғы N752 хаты негізінде кәмелетке толмағандар арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу мақсатында “Нашақорлыққа жол жоқ!” тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді.
✅️ Сабақ мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат беру.
🏥Тренинг сабақты М.Оспанов атындағы медицина университетінің жанынан құрылған «Y-peer» Қазақстандық волонтерлар ұйымының еріктілері өткізуге ықпал жасады.
⚜Сынып тәрбиешілері Г.Елманова, Р.Туреханова, Е.Хайрулла.
Дені сау ұрпақ- қоғамның қуатты күші
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2022
-
Қаралды: 127
"Дені сау ұрпақ- қоғамның қуатты күші" тақырыбында күзгі демалыс кезінде лицей- интернат оқушыларының бос уақытын тмімді пайдалану мақсатында үстел ойындары жүргізілді. Интернат меңгерушісі: Туреханова Рахила
Табиғаттың жас қорғаушылары
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 13 Қараша 2022
-
Қаралды: 80
"Табиғаттың жас қорғаушылары" күзгі каникул кезінде оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру барысында облыстық жоспар негізінде 9 "А" және 6 сынып оқушылары "Жас натуралистер " станциясына саяхат жасады.