"Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында асфальтқа сурет салу
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 03 Мамыр 2023
-
Қаралды: 347
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Әрқашан күн сөнбесін" тақырыбында оқушылардың шығармашылығы мен қиялын дамыту, достық, ынтымақ, татулық қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында асфальтқа сурет салынды. Оқушылар топтаса отырып, түстердің сәтті үйлесімін таңдау арқылы, тақырыпқа сай композиция жасап безендірді. Ұйымдастырушылар Г.Имангалиева, М.Истигулова.
"Емтихан" психологиялық ойыны
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 28 Сәуір 2023
-
Қаралды: 172
f❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың сәуір айында 9,11 класс оқушылары үшін «Емтихан» психологиялық ойыны өтілді.
???? Мақсаты: емтихан кезіндегі күйзелістік ахуалдың алдын алу және психологиялық дайындығын нығайту.
✅ "Емтихан" ойыны 9,11 класс оқушыларына алдағы мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруға дайындық негізінде ұйымдастырылды, оқушылар ойынға белсенді қатысты.
Ашық есік күні
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 18 Сәуір 2023
-
Қаралды: 148
Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру және кәсіби бағдар беру мақсатында Ақтөбе облысының білім басқармасының ықпалымен ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаттың 10 -11 класс ер балаларына Ақтөбе қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінде «Ашық есік» ұйымдастырылды.
Мектепішілік әдістемелік кеңес
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 13 Сәуір 2023
-
Қаралды: 149
❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️❇️Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 12 сәуірінде мектепішілік әдістемелік кеңес өтті.
????Мақсаты: әдістемелік жұмыстар барысында педагогикалық ұжымды оқу-әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру.
✅Әдістемелік кеңес аясында:
- "Табыстылыққа ұмтылу-оқу мен оқытудың негізгі" /Е.Хайрулла, Г.Елманова-көркем еңбек пәні мұғалімдері/,
-"Трансцендентті сандар және оларды қолдану"/А.Биржанова- математика пәні мұғалімі/,
- "Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, тәрбиеленушілер мен класс жетекшілердің қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері"/Б.Айетова-педагогика және психология бірлестігінің жетекшісі,
- "Лицей-интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді өткізудің маңызы"/Р.Туреханова-интернат меңгерушісі/ өз іс-тәжірибелерінен жұмыстар көрсетті және кеңес соңында психолог М.Истигулова
- "Мұғалім-мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
✅Оқу әдістемелік сүйемелдеуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығы айқындалып, кеңестің аясында өткен мәселелер бойынша шешім қарастырылды.
"Әдеби әлем" марафоны педагогика-психология бірлестігі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Тәрбие жұмысы
-
Жарияланды 12 Сәуір 2023
-
Қаралды: 181
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында педагогтер арасында "Әдеби әлем" марафонын педагогика-психология бірлестігінің ұстаздары шоқ боп маздаған, асаулығы бойынан табылар қазақтың маңдайына біткен біртуар ақындарының бірі Төлеген Айбергеновтың "Ұлттық рухтың бұлбұлы" тақырыбында поэзия сағатын өткізді. Ақынның өмірдеректері, шығармалары мен өлеңдеріне шолу жасалып, "Бір тойым бар","Адамдар","Уақыт"," Ана","Ару Ана" өлеңдері мәнерлеп оқылды.