Танымдық жаттығулар: "Шульте" кестесі, "Струп-тест"
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 30 Қараша 2022
-
Қаралды: 739
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 30 жұлдызында 6 класс оқушыларына Танымдық жаттығулар: "Шульте" кестесі, "Струп-тест" өткізілді.
????Мақсаты: таным үрдістерін арттыру: ес, зейін, қабылдау және ақыл-ойды дамыту.
????Танымдық жаттығуларды оқушылар уақытқа байланыстырып, жылдам орындауға белсенділік танытты, барлығы үлкен қызығушылықпен қатысты.
????Оқушылар психологиялық жаттығулар арқылы танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.
"Көтеріңкі көңіл-жемісті еңбек" тренингі
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 29 Қараша 2022
-
Қаралды: 410
Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының ұйымдастыруымен «Ынтымақтасқан орта - білім берудің негізі» атты шебер сыныпқа қатысушыларға психолог М.Истигулова мен педагог А.Карасаева "Көтеріңкі көңіл-жемісті еңбек" тақырыбында тренинг өткізді.
✅Қатысушы әріптестер тренингке белсенді, үлкен қызығушылықпен қатысты.
✅Тренинг қатысушыларға жағымды ахуал, топтық жұмысқа бағыттау, ауызбіршілікке шақыру, бірлесіп шешім табуға және өзара келісімге келуге, шығармашылыққа жетелеуге мүмкіндік берді.
"Тамшы" арт-терапиясы
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 28 Қараша 2022
-
Қаралды: 367
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей - интернатында 2022 жылдың қараша айында 8-11 класс оқушылары арасында "Тамшы" арттерапиясы өтілді.
????Мақсаты: ішкі жан әлемінің үйлесімді дамуын реттеу, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру.
????Жүргізілген жұмыс оқушыларға көңіл – күйдің реттілігін сақтауға, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыруға, өзінің ішкі жандүниесін ашуға, эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
"ҚҰПИЯ ДОС" АКЦИЯСЫ
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Психологиялық қызмет жаңалықтары
-
Жарияланды 25 Қараша 2022
-
Қаралды: 474
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық лицей-интернатында 2022 жылдың қараша айының 21-25 аралығында 6-11класс арасында "Құпия дос" акциясы өтілді.
????Акция мақсаты: жарқын жүзді көңіл-күй сыйлау, достық қарым-қатынасты, өзара ынтымақтастықты жоғарлату.
????Акцияны ұйымдастырушылар: лицей парламенті "Бақыт" фракциясының көшбасшылары: Исаева Айша, Айтбай Алтынгүл, Жанаева Дильнара және психолог М.Истигулова.
????Ұйымдастырылған "Құпия дос" акциясы аясында оқушылар өз туынды-сыйлықтарын құпия түрде достарына ұсынып, өзара достық қарым-қатынасты жетілдіріп, көңіл-күйдің жоғары болуына ат салысты.
????Лицей - интернат оқушылары акцияға үлкен белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ІІ БӨЛІМ.
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 20 Қараша 2022
-
Қаралды: 350
????"Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі" тақырыбындағы сынып аралық ата-аналар жиналысының екінші бөлімі сынып тәрбиешілерімен жалғасты.
Жиналысқа 6-11 кластардан барлығы 147 ата-ана қатысты.
????Жиналыстың күн тәртібі бойынша төмендегідей мәселелер қарастырылды:
❗1. 2022-2023 оқу жылындағы І тоқсан бойынша білім сапасының қорытындымен таныстыру.
❗2.Оқушылардың өмір қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтың алдын алу.
❗3."Жалпы адамзаттық құндылықтар-отбасылық тәрбиенің негізі" тақырыбында баяндама.
❗4. "Идеялды үй" психологиялық тренингі.
❗5. Кері байланыс.
❗6. Әртүрлі мәселелер.











