Педагогикалық кеңес

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында 2023 жылдың 7 сәуір күні кезекті педагогикалық кеңес өтті.
📝Күн тәртібінде:
- "ІІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы"; -"9-11-сыныптардағы қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру"/К.Ж.Кулымов-оқу ісінің орынбасары/;
-"Өзіндік рефлексия - мұғалімнің білім сапасын арттырудағы маңызды кәсіби шеберлігінің негізі"/Р.К.Аяуова-әдістемелік кеңес жетекшісі/;
-"Білім берудің жаңартылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жағдайында оқушының табысты оқуы мен дамуы үшін психологиялық-педагогикалық қолдау"/М.К.Истигулова-психолог/ мәселелері қаралды.
✅Ағымдағы мәселелер төңірегінде Kundelik.kz электронды журналының жүргізілуі қаралды және сонымен қатар, лицей-интернаттың бас есепшісі Ж.Ниязова жылдық есебін жасады.
✅Педагогикалық кеңес соңында күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес педагогикалық кеңес шешімімен қаулы қабылданды.