Air Astana әуе компаниясының өкілдері келді
- Толығырақ
- Автор: Физмат
-
Жарияланды 28 Қараша 2023
-
Қаралды: 71
Бүгін 28 қараша күні лицей-интернатқа 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Air Astana әуе компаниясының өкілдері келді.
«Эйр Астана» ұшқыш болып, аспанда қалықтауды армандайтын жандардың арманына ерекше назар аударады. Бойында қажетті қасиеттері мен ынтасы бар адамдарға «Эйр Астана» Ab-Initio ұшқыштарды бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша кәсіби оқудан өту мүмкіндігін береді екен. Болашақ ұшқыштар жетекші мамандардың, соның ішінде бүкіл әлемге танымал әуе кемелерін өндіруші компания мамандарының жетекшілігімен ұшу теориясын оқып, жоғары кәсіби деңгейде даярлықтан өтеді. Практикалық қабілеттерін шыңдаған соң ұшақ штурвалына бекітіліп, ұшудың қыр-сырын үйренеді.
Бұл бағдарламаға физика және математика саласын жақсы білетін, ағылшын тілін еркін меңгерген, 18 жастан 34 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысушыларды іріктеу тұрақты түрде жүргізіледі және бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен үміткерлер ұшқыштарға арналған әлемнің ең үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Ab-initio деген не?
Бұл – Air Astana әуе компаниясының ұшқыштарды даярлау жөніндегі бағдарлама-сы. Іріктеуден өткендер Еуропаның ұшу мектептерінде оқиды және коммерциялық ұшқыш біліктілігін алады. Бағдарлама 2008 жылдан бері жұмыс істейді екен. Осы уақытқа дейін 200-ден астам адам оқудан өтіпті. Олардың көпшілігі «Эйр Астана» әуе компаниясында екінші ұшқыш және командир ретінде жұмыс істейді. Қатысушылар Еуропаның үздік ұшу мектептерінде 16–18 айға дейін оқиды. Әуе компаниясы оқу үшін 100% алдын ала төлем жасайды екен. Оқуыңызды аяқтаған соң келесі 15 жыл ішінде сіздің оқуыңызға кеткен шығынның 75%-ын өтеуіңіз керек.
Негізгі талаптар:
– Аяқталған орта немесе арнайы орта білім;
– Ағылшын тілін жақсы білу: IELTS сертификаты (Academic) 6.0/TOEFL (IBT) 79
– Математика және физика негіздерін білу;
– Медициналық комиссияның (ДҰСК) талаптарына сәйкес келетін денсаулық жағдайы;
– Полиция мәліметтерінде соттылықтың болмауы;
– Төлқұжат болуы және Шенген визасы.