Департамент мұражайына экскурсия жасады

Бүгін 18 қазан күні Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының 9 "Б" класс оқушылары құқықбұзушылықтың алдын алу және кәсіптік бағдар беру мақсатында Ақтөбе облысы Полиция Департаментінің жұмысымен танысып, Департамент мұражайында экскурсия жасады. Шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен үшін Әкелер кеңесінің мүшесі Айтпағанбетов Ерболат мырзаға алғыс білдіреміз! Сынып тәрбиешісі Р.Туреханова.